08.01.2026 15:33

Семеньо медициналық тексерістен өтіп жатыр

08.01.2026 15:33

Антуан Семеньо «Манчестер Сити» ойыншысы атануға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 26 жастағы вингер қазір медициналық тексерістен өтіп жатыр. Одан кейін ол 2031 жылға дейін жарамды болатын келісімшартқа қол қояды.

Қос тарап үш күн бұрын толықтай келісімге келіп қойған еді. «Қалалықтар» Антуан үшін «Борнмутқа» 65 миллион фунт стерлинг төлейді.

Семеньо осы маусымда 21 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram