08.01.2026 11:41

Тюрам ерекше нәтиже тіркеді

08.01.2026 11:41

Италия А Сериясының 19-турында «Интер» сырт алаңда «Парманы» 2:0 есебімен жеңді

Матч соңында, Маркус Тюрам 97:06-минутта мергендік танытты. Осылайша ол «Интердің» А Сериясындағы ең кеш соғылған голының авторы атанды.

Бұған дейін бұл көрсеткішті Лаутаро Мартинес тіркеген еді. Ол 2021 жылы «Венеция» қақпасын 95:57-минутта пенальтиден тулатқан.

Айта кетейік, 18 турдан кейін 32 ұпай жинаған «Интер» Италия чемпионатында көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram