08.01.2026 10:13
«Манчестер Сити» ойыншысы «Галатасарайға» ауысуы мүмкін
08.01.2026 10:13
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Бернарду Силва «Галатасарайға» ауысуы мүмкін

Педру Алмейданың хабарлауынша, Ыстамбұлдың клубы 31 жастағы Португалия жартылай қорғаушысын келер жазда еркін агент ретінде алғысы келеді. «Галатасарайдың» өкілдері футболшының агентімен байланысқа шыққан екен.
Силва «қалалықтардың» намысын 2017 жылдан бері қорғайды. Ол осы маусымда 27 матчта бір гол соғып, екі нәтижелі пас берді.