08.01.2026 09:28
Игор Тиаго рекорд жаңартты
08.01.2026 09:28
«Брентфорд» шабуылшысы Игор Тиаго рекорд жаңартты

24 жастағы форвард «Сандерлендке» (3:0) қарсы матчта дубль жасады. Осылайша ол АПЛ бір маусымында ең көп гол соққан бразилиялық ойыншы атанды. 21 турдан кейін Игордың еншісінде 16 гол бар.
Ал осыған дейінгі рекорд 15 мәрте мергендік танытқан үш бірдей футболшы – Роберто Фирмино («Ливерпуль, 2017/18), Габриэл Мартинелли («Арсенал», 2022/23) және Матеус Куньяға («Вулверхэмптон», 2024/25) тиесілі болды.
Тиаго осы маусымда жалпы 22 матчта 17 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.