08.01.2026 08:14
Нико Уильямсқа АПЛ клубы көз тікті
08.01.2026 08:14
«Атлетик» вингері Нико Уильямс мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Крис Коулиннің хабарлауынша, 23 жастағы испан ойыншысына «Тоттенхэм» қызығушылық танытуда. Лондонның клубы оны жақында «Кристал Пэласқа» кеткен Бреннан Джонсонның орнын басатын футболшы ретінде көреді.
Бірақ Уильямсты алу «Тоттенхэмге» қиынға соғайын деп тұр. Себебі оның «Атлетикпен» келісімшарты 2035 жылға дейін жарамды және бір маусымдағы жалақысы 21 миллион еуроны құрайды.
Уильямс осы маусымда 19 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.