08.01.2026 03:02

«Манчестер Сити» «Брайтонды» жеңе алмады

08.01.2026 03:02

Ағылшын Премьер-лигасының 21-турында «Манчестер Сити» өз алаңында «Брайтонмен» тең тарқасты

«Этихад» стадионында өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 41-минутта Эрлинг Холанд пенальтиден есеп ашса, 60-та Каору Митома таразы басын теңестіріп кетті.

Осылайша «қалалықтар» 43-ұпайын олжалап, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты.

Пеп Гвардиола шәкірттері келесі турда 17 қаңтар күні «Манчестер Юнайтедке» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram