08.01.2026 02:55
«Челси» жеңіліс тапты
08.01.2026 02:55
Ағылшын Премьер-лигасының 21-турында «Челси» сырт алаңда «Фулхэмге» жол берді

Лондонда өткен кездесуде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Рауль Хименес пен Харри Уилсон мергендік танытты. Ал «Челсидің» жалғыз голын Лиам Делап соқты. Сондай-ақ 22-минутта Марк Кукурелья алаңнан қуылып кетті.
Осылайша «Фулхэм» 31-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде сегізінші орынға жайғасты. Дәл осындай ұпайға ие «Челси» жетінші сатыда тұр.
«Челси» келесі турда 17 қаңтар күні «Брентфордты» қабылдайды.