07.01.2026 22:33

Марио Балотелли мансабын жандандырады

07.01.2026 22:33

Марио Балотелли еркін агент ретінде Дубайдың «Әл-Иттифак» клубына ауысады

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, қос тарап екі жарым жылға жарамды болатын келісімшартқа қол қояды. 35 жастағы форвард 9 қаңтарда ат басын Дубайға бұрады. Ал трансфер 12-сі күні ресми хабарланады екен.

Балотеллидің соңғы клубы «Дженоа» болған еді. Ол Генуя ұжымынан шілде айында кетті. Оған дейін «Манчестер Сити», «Ливерпуль», «Милан», «Интер» секілді топ-командаларда ойнаған.

Айта кетейік, «Әл-Иттифак» – БАӘ-нің екінші дивизионында соңғы орында келе жатқан команда.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram