07.01.2026 20:08
Ағылшын Премьер-лигасының фавориттері аталды
07.01.2026 20:08
Opta суперкомпьютері 20-турдан кейін Ағылшын Премьер-лигасының фавориттерін жариялады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Арсенал» бастап тұр. «Зеңбірекшілердің» чемпион атану мүмкіндігі 86.15%-ды құрайды.
Екінші орынға «Манчестер Сити» жайғасса (9.84%), үздік үштікті «Астон Вилла» (3.93%) түйіндеді.
Турнир кестесінде 48 ұпай жинаған «Арсенал» бірінші келеді.