07.01.2026 15:03
Франция құрамасының ойыншысы «Фенербахчеге» ауысады
07.01.2026 15:03
Франция құрамасы мен «Лацио» жартылай қорғаушысы Маттео Гендузи «Фенербахчеге» ауысады

Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Ал трансфер құны бонустарды қоса есептегенде 30 миллион еуроны құрайды екен.
Гендузи Рим клубының намысын 2024 жылдан бері қорғады. Оған дейін ол «Марсель», «Арсенал», «Герта» және «Лорьянда» ойнаған. Маттео осы маусымда 16 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.