07.01.2026 12:26
Офри Арад «Қайраттан» кетті
07.01.2026 12:26
Офри Арад «Қайраттан» кетті

27 жастағы Израиль жартылай қорғаушысы «сары-қаралармен» келісімшарттың аяқталуына байланысты қош айтысты.
Арад Алматы клубына 2024 жылы «Маккаби Хайфадан» ауысып келген еді. Осы аралықта 92 матчта үш гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Арад клубпен бірге Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Ел Суперкубогын жеңіп алды.
Осыған дейін «Қайраттан» Гиорги Зария, Александр Заруцкий, Жоао Пауло және Элдер Сантана кеткен еді.