07.01.2026 12:14

Сульшер «Манчестер Юнайтедті» тізгіндеуге жақын

07.01.2026 12:14

Уле-Гуннар Сульшер «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, қазір оның агенті Джим Сольбаккен клуб өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатыр.

52 жастағы норвегиялық маман манкуниандықтарды маусым соңына дейін тізгіндеуге басты үміткер болып тұр. Сульшердің өзі де командаға көмектескісі келеді және ұсыныс күтіп отыр.

Сульшер осыған дейін «Манчестер Юнайтедті» 2018-2021 жылдары баптаған еді. Оның соңғы клубы өткен жылдың қаңтар-тамыз айларында жаттықтырған «Бешикташ» болды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram