07.01.2026 11:26
Семеньо «Манчестер Ситиге» ауысады
07.01.2026 11:26
Антуан Семеньо «Манчестер Сити» ойыншысы атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, «қалалықтар» Семеньо үшін «Борнмутқа» 65 млн фунт стерлинг төлейді.
26 жастағы Гана вингері ертең, бейсенбі күні медициналық тексерістен өтіп, 2030 жылға дейін жарамды келісімшартқа қол қояды екен.
Антуан осы маусымда 20 матчта тоғыз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.