06.01.2026 21:26

Райс АПЛ-дың үздік ойыншысы атанды

06.01.2026 21:26

«Арсенал» жартылай қорғаушысы Деклан Райс Ағылшын Премьер-лигасының 20-турдағы үздік ойыншысы атанды

26 жастағы Англия құрамасының ойыншысы 3 қаңтар күні «Борнмут» (3:2) қақпасына дубль жасаған еді.

Осылайша ол дауыс беру нәтижесінде Матеус Мане («Вулверхэмптон»), Джон Макгинн («Астон Вилла»), Игор Тиаго («Брентфорд») және Мәлік Тиауды («Ньюкаслды») артқа тастады.

Райс осы маусымда 27 матчта төрт гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Ал 20 турдан кейін 48 ұпай жинаған оның командасы «Арсенал» Ағылшын Премьер-лигасында жеке-дара көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram