06.01.2026 20:46

Джонни Эванс бапкерлікке бет бұрды

06.01.2026 20:46

Джонни Эванс «Манчестер Юнайтедте» қызметке тағайындалды

Sky Sports хабарлауынша, 38 жастағы Эванс бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Даррен Флетчердің көмекшісі атанды. Бүгін екеуі командамен алғашқы жаттығу өткізіпті.

Эванс футболшы ретінде «қызыл сойқандардың» намысын 2006-2015 және 2023-2025 жылдары қорғаған еді. Ол былтыр шілде айында мансабын аяқтағаннан кейін желтоқсанға дейін МЮ-дің жалда жүрген ойыншыларына жауапты маман болды.

Еске салсақ, кеше, 5 қаңтарда «Манчестер Юнайтед» бас бапкер Рубен Аморимді қызметінен қуды. Ертең, 7 қаңтарда команда Ағылшын Премьер-лигасының 21-туры аясында «Бернлиге» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram