07.01.2026 11:18
Ислам Чесноков «Хартс» ойыншысы атанды
07.01.2026 11:18
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноков «Хартсқа» ауысты

Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
26 жастағы вингер 2023 жылдан бері «Тобыл» сапында ойнаған еді. Осы аралықта 92 матчта 29 гол соғып, 15 нәтижелі пас берді. Ал Ұлттық құраманың намысын 20 ойында қорғап, екі рет мергендік танытқан.
Шотландия чемпионатында 20 ойыннан кейін 44 ұпай жинаған «Хартс» көш бастап тұр. Екінші орында 21 матчта 41 ұпай еншілеген «Рейнджерс» тұр.