07.01.2026 11:53

«Барселона» ойыншысы қатардан шықты

07.01.2026 11:53

«Барселона» қақпашысы Марк-Андре тер Штеген тағы да саптан шығып қалды

33 жастағы неміс голкипері кеше, сейсенбі күнгі жаттығу кезінде жарақат алыпты.

Осыған байланысты Марк медициналық тексерістен өту үшін Сауд Арабиясынан Барселонаға қайтады. Оның құрамдағы орнын 19 жастағы Диего Кочен басты.

Айта кетейік, «Барселона» бүгін, 7 қаңтарда Испания Суперкубогының жартылай финалы аясында «Атлетикпен» кездеседі. 00:00-де басталатын кездесуді Sport+ телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram