07.01.2026 14:45
Меньян «Миланмен» келісімшартын ұзартады
07.01.2026 14:45
«Милан» қақпашысы Майк Меньян клубта қалады

Джанлука Ди Марционың хабарлауынша, қос тарап келісімшартты 2031 жылға дейін ұзартуға жақын. Алдағы күндері бәрін рәсімдеу үшін соңғы келіссөз өтеді.
Жаңа құжатқа сәйкес, Меньянның жылдық жалақысы 5,7 миллион еуроны құрайды екен. Клубта мұндай табысты тек Рафаэл Леау табады.
30 жастағы Франция құрамасының голкипері «россонерри» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Оның қазіргі келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.