08.01.2026 00:41
«Наполи» ұпай жоғалтты
08.01.2026 00:41
Италия А Сериясының 19-турында «Наполи» өз алаңында «Веронамен» тең тарқасты

Диего Марадона атындағы стадионда өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Матч басталысымен Мартин Фресе мен Гифт Орбан гол соғып, «Веронаны» есепте алға шығарған еді. Алайда Скотт Мактоминей және Джованни Ди Лоренцо таразы басын теңестіріп кетті.
Осылайша Неапольдің клубы 38-ұпайын еншілеп, турнир кестесінде үшінші орынға жайғасты.
Антонио Конте шәкірттері келесі турда 11 қаңтар күні «Интерге» қонаққа барады.