08.01.2026 02:28
«Барселона» Суперкубоктың финалына шықты
08.01.2026 02:28
«Барселона» Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетикті» қапы қалдырды

Сауд Арабиясының Джидда қаласында өткен кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Матч барысында Рафинья дубль жасаса, Ферран Торрес, Фермин Лопес және Руни Барджи бір голдан соқты.
Енді Каталонияның клубы ақтық кездесуде «Реал» – «Атлетико» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Финал 11 қаңтарға жоспарланған.
Айта кетейік, «блауграна» Испания чемпионатында 19 турдан кейін 49 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап тұр.