08.01.2026 02:59
«Интер» «Пармадан» басым түсті
08.01.2026 02:59
Италия А Сериясының 19-турында «Интер» түзде «Парманы» 2:0 есебімен тізе бүктірді

Пармада өткен матчта Федерико Димарко және Маркус Тюрам мергендігімен көзге түсті.
Осылайша 42-ұпайын қанжығалаған «нерадзурри» турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтай түсті.
Кристиан Кивудың шәкірттері келесі турда 11 қаңтар күні «Наполиді» қабылдайды.