08.01.2026 03:23

«Манчестер Юнайтед» «Бернлимен» тең түсті

08.01.2026 03:23

Ағылшын Премьер-лигасының 21-турында «Манчестер Юнайтед» сырт алаңда «Бёрнлимен» тең тарқасты

Бёрнлиде өткен матчта 2:2 есебі тіркелді. «Қызыл сойқандардың» қос голын Беньямин Шешко 50 және 60-минуттарда соқты.

Осылайша манкуниандықтар қатарынан үшінші ойында қарсыласымен тең түсті. Бұған дейін «Лидс» (1:1) пен «Вулверхэмптонды» (1:1) жеңе алмаған еді.

21 турдан кейін 32 ұпай жинаған МЮ турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты. Келесі турда команда 17 қаңтар күні «Манчестер Ситиді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram