09.01.2026 02:10

«Реал» Суперкубоктың финалына шықты

09.01.2026 02:10

«Реал» Испания Суперкубогының жартылай финалында «Атлетиконы» тізе бүктірді

Джидда қаласында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. «Бланкос» сапында Федерико Вальверде мен Родриго мергендік танытты. Ал «Атлетиконың» жалғыз голын Александер Серлот соқты.

Енді «Реал» ақтық кездесуде «Атлетикті» 5:0 есебімен тас-талқан еткен «Барселонамен» кездеседі. Финал 11 қаңтарға жоспарланған.

Айта кетейік, 19 турдан кейін 45 ұпай жинаған Хаби Алонсо шәкірттері ішкі біріншілікте екінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram