09.01.2026 08:08

Гендузи «Фенербахче» ойыншысы атанды

09.01.2026 08:08

Франция құрамасының жартылай қорғаушысы Маттео Гендузи «Лациодан» «Фенербахчеге» ауысты

Қос тарап 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Ал трансфер құны бонустарды қоса есептегенде 29 миллион еуроны құрады.

Гендузи Рим клубының намысын 2024 жылдан бері қорғап келді. Оған дейін ол «Марсель», «Арсенал», «Герта» және «Лорьянда» ойнаған. Маттео осы маусымда 16 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram