09.01.2026 14:49
Антуан Семеньо «Манчестер Сити» ойыншысы атанды
09.01.2026 14:49
Антуан Семеньо «Манчестер Сити» ойыншысы атанды

Қос тарап 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ал трансфер құны бонустармен есептегенде 63,5 миллион фунт стерлингті құрады.
26 жастағы Гана вингері «шиелер» сапында 2023 жылдан бері ойнаған еді. Ол осы маусымда 21 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.