14.01.2026 09:12

Семеньо ерекше нәтиже тіркеді

14.01.2026 09:12

Лига кубогының жартылай финалында «Манчестер Сити» «Ньюкаслды» 2:0 есебімен жеңді

Матчтың 53-минутында Антуан Семеньо есеп ашты. Осылайша ол «қалалықтар» сапындағы алғашқы екі ойынында гол соққан соңғы 17 жылдағы бірінші ойыншы атанды. 26 жастағы Гана вингері осыған дейін дебют матчында «Эксетер Сити» (10:1) қақпасын тулатқан еді.

Ал соңғы рет мұндай көрсеткішті 2009 жылы Эмануэль Адебайор тіркеген.

Айта кетейік, «Манчестер Сити» мен «Ньюкасл» арасындағы қарымта кездесу 4 ақпанға жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram