14.01.2026 01:29

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтед» бас бапкері атанды

14.01.2026 01:29

Майкл Кэррик «Манчестер Юнайтед» бас бапкері атанды

Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды. Ал осыған дейін команданы уақытша жаттықтырған Даррен Флетчер U18 командасына оралады.

Кэррик футболшы ретінде «қызыл сойқандардың» намысын 2006-2018 жылдары қорғаған еді. Осы аралықта 464 матчта 24 гол соғып, 35 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 21 турдан кейін 32 ұпай жинаған манкуниандықтар Ағылшын Премьер-лигасында жетінші орында келеді. Кэррик «Манчестер Юнайтед» тізгініндегі алғашқы матчын 17 қаңтар күні «Манчестер Ситиге» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram