13.01.2026 22:55

Никлас Фюллькруг жарақат алды

13.01.2026 22:55

«Милан» шабуылшысы Никлас Фюллькруг жарақат алды

32 жастағы неміс форварды бүгінгі жаттығу кезінде табанын зақымдап алыпты.

Осыған байланысты екі аптаға жуық уақыт командасына көмектесе алмайды. Ол 25 қаңтар күні өтетін «Ромаға» қарсы матчқа дайын болады деп күтілуде.

Айта кетейік, «россонерри» Фюллькругті осы қыста «Вест Хэмнен» 13-14 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен жалға алған еді. Ол содан бері үш матчқа қатысып, нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram