13.01.2026 20:30
Антонио Конте жазаланды
13.01.2026 20:30
«Наполи» бас бапкері Антонио Конте алдағы екі матчтан шеттетілді

56 жастағы италиялық маман «Интерге» (2:2) қарсы матчта төрешіге дөрекілік танытқаны үшін алаңнан қуылған еді.
Осыған байланысты Конте «Парма» мен «Сасуоллоға» қарсы ойында командасына алаң жиегінен көмектесе алмайды. Сондай-ақ оған 15 мың еуро көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетейік, 19 турдан кейін 39 ұпай жинаған Неапольдің клубы Италия чемпионатында үшінші орында келеді.