13.01.2026 18:49
Канселудың трансфері кейінге қалды
13.01.2026 18:49
Бүгін, 13 қаңтарда «Барселона» Жоау Канселуды ресми түрде қатарына қосқанын жариялаған еді

Алайда клуб араға уақыт салып, бұл жаңалықты ресми сайтынан және әлеуметтік желідегі парақшаларынан алып тастады. Канселу да командаға қайта оралғаны жайлы салынған Instagram желісіндегі Stories-ті өшірді.
Mundo Deportivo хабарлауынша, трансферді сәтті рәсімдеу үшін бір ғана құжат жетпей тұр. Ол олқылықтың орны жақында толтырылуы тиіс. Одан басқа мәселе жоқ екен.
Айта кетейік, «блауграна» 31 жастағы Португалия қорғаушысын «Әл-Хиләлден» маусым соңына дейін жалға алды. Жоау Каталония клубында 2-нөмірмен тер төгеді.