13.01.2026 23:18
Юрген Клопп «Реал» тізгінін ұстауы мүмкін
13.01.2026 23:18
Юрген Клопп «Реал» бас бапкері атануы мүмкін

Флориан Плеттенбергтің хабарлауынша, егер «бланкос» жазда бас бапкер тағайындау туралы шешімге келсе, онда Юрген Клопп басты үміткер болады.
Клопттың өзі Мадрид клубын тізгіндеуге дайын екен. Юрген «Реалдан» ұсыныс түскен жағдайда оны міндетті түрде қарастырып көреді.
Бұған дейін Патша командасы Хаби Алонсо қызметінен босатып, оның орнына Альваро Арбелоаны қойған еді. Ал Клопп 2024 жылы «Ливерпульдегі» (2015-2024) қызметінен кеткеннен кейін әлі бапкерлікке оралмады.