14.01.2026 08:34
Канте Еуропаға оралуға жақын
14.01.2026 08:34
Н'голо Канте «Әл-Иттихадтан» «Фенербахчеге» ауысуға жақын

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толықтай келісімге келді. Енді Түркияның клубы «Әл-Иттихадпен» келіссөз жүргізіп жатыр.
34 жастағы Франция құрамасының тұтқауылы «Әл-Иттихадқа» 2023 жылы «Челсиден» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 22 матчқа қатысып, бір гол соқты.