28.11.2025 01:09
«Рома» үш ұпай еншіледі
28.11.2025 01:09
Еуропа лигасының 5-турында «Рома» өз алаңында «Мидтьюлландтан» басым түсті

Римдегі «Олимпико» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алаң қожайындары сапында Нил Эль Айнауи мен Стефан Эль-Шаарави гол соқты.
Осылайша «джаллоросси» тоғызыншы ұпайын олжалады. Джан Пьеро Гасперини шәкірттері келесі турда 11 желтоқсан күні «Селтикке» қонаққа барады.