27.11.2025 19:34

Мбаппе Чемпиондар лигасында үздік деп танылды

27.11.2025 19:34

Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының 5-турдағы үздік ойыншысы атанды

«Олимпиакос» (4:3) қақпасына покер жасаған «Реал» шабуылшысы дауыс беру нәтижесінде топ жарды.

  1. Килиан Мбаппе («Реал») – 4 гол

  2. Витинья (ПСЖ) – 3 гол

  3. Пьер-Эмерик Обамеянг («Марсель») – 2 гол

  4. Серу Гирасси («Боруссия» Дортмунд) – 2 гол.

Мбаппе осымен бұл жүлдені екінші рет қанжығалады. Бұған дейін екінші турда «Қайратқа» (5:0) рәсімдеген хет-тригінің арқасында үздік атанған еді.

26 жастағы ойыншы осы маусымда 18 ойында 22 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram