27.11.2025 19:00
ПСВ «Реалдан» кейінгі екінші команда
27.11.2025 19:00
ПСВ Еурокубок матчында «Энфилдте» «Ливерпульге» төрт немесе одан да көп гол соға алған тарихтағы екінші команда атанды

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасының топтық кезеңі матчында ПСВ-дан өз алаңында 1:4 есебімен жеңілді.
Нидерланд командасы Еурокубоктар матчында «Энфилдте» «Ливерпульге» төрт немесе одан да көп гол соға алған тарихтағы бар болғаны екінші команда атанды.
Бұған дейін мұндай нәтижеге «Реал» қол жеткізген еді. 2023 жылдың ақпанында Мадрид ұжымы «Ливерпуль» қақпасына бес гол соққан.