27.11.2025 17:36
Зидан «Ливерпуль» бапкері атануы мүмкін
27.11.2025 17:36
«Ливерпуль» бапкер ауыстыруы мүмкін

Қазіргі тәлімгер Арне Слоттың командада қалуы неғайбыл. Оның тұсында «қызылдар» соңғы 12 ойынның тоғызында жеңіліп қалды.
Осыған байланысты Мерсисайдтың ұжымы жақын арада бапкер ауыстыруды жоспарлап отыр. Mirror хабарлауынша, басшылық тізгінді Зинедин Зидан ұстағанын қалайды екен.
Зидан 2021 жылдың маусым айында «Реалдағы» қызметінен кеткелі жұмыссыз жүр. Ал Слот команданы 2024 жылдың мамырынан бері жаттықтырып келеді.
Айта кетейік, 12 турдан кейін 18 ұпай жинаған «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасында 12-орында келеді.