27.11.2025 14:16

«Арсенал» 20 жыл бұрынғы нәтижесін қайталады

27.11.2025 14:16

«Арсенал» – Чемпиондар лигасының осы маусымында ұпайдан шашау шығармаған жалғыз команда

Лондонның клубы түнеугүні «Баварияны» 3:1 есебімен жеңді. Осылайша турнирдің бастапқы бес матчының бәрінде жеңіске жетті. Алғашқы төрт турда «зеңбірекшілер» «Атлетик» (2:0), «Олимпиакос» (2:0), «Атлетико» (4:0) және «Славиядан» (3:0) басым түскен еді.

Клуб тарихында мұндай ғаламат бастама соңғы рет 2005/06 жылғы маусымда тіркелген екен. Ол кезде команда финалға дейін жетіп, «Барселонаға» (1:2) жол берген.

Бес турдан кейін 15 ұпай жинаған Микель Артетаның шәкірттері турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram