27.11.2025 13:43
Слоттың орнын кім басады?
27.11.2025 13:43
Арне Слоттың «Ливерпульдегі» болашағы бұлыңғыр

Оның тұсында клуб соңғы 12 ойынның тоғызында жеңіліп қалды.
Осыған байланысты «қызылдар» жақын арада бапкер ауыстыруды жоспарлап отыр. TEAMtalk хабарлауынша, қазіргі таңда Слоттың орнын басуға Эндж Постекоглу басты үміткер ретінде саналады. 60 жастағы маманның өзі де «Ливерпуль» тізгінін ұстауға дайын екен.
Постекоглу қазан айында «Ноттингем Форесттегі» қызметінен кеткелі жұмыссыз жүр. Ал Слот Мерсисайдтың ұжымын 2024 жылдың мамырынан бері жаттықтырып келеді.
Айта кетейік, 12 турдан кейін 18 ұпай жинаған «Ливерпуль» Ағылшын Премьер-лигасында 12-орынға жайғасқан.