27.11.2025 11:33
Чемпиондар лигасы: 5-турдың «үздік ойыншысы» жүлдесіне үміткерлер
27.11.2025 11:33
Чемпиондар лигасының осы аптадағы «үздік ойыншысы» жүлдесінен дәмелі төрт футболшы белгілі болды

Үміткерлер тізіміне Килиан Мбаппе («Реал»), Пьер-Эмерик Обамеянг («Марсель»), Витинья (ПСЖ) және Серу Гирасси («Боруссия» Дортмунд) кірді.
Мбаппе «Олимпиакосқа» (4:3) қарсы покер жасады. Витинья болса «Тоттенхэм» (5:3) қақпасына хет-трик рәсімдеді. Ал Обамеянг «Ньюкаслға» (2:1) және Гирасси «Вильярреалға» (4:0) екі голдан соқты.
Жеңімпаз жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде белгілі болады.