27.11.2025 13:14
Чемпиондар лигасының басты фавориті аталды
27.11.2025 13:14
Opta суперкомпьютері 5-турдан кейін Чемпиондар лигасының фавориттерін жариялады

Жаңартылған рейтингтің көшін «Арсенал» (24.36%) бастап тұр. Екінші орынға «Бавария» (15.78%) жайғасса, үздік үштікті ПСЖ (12.67%) түйіндеді.
Сондай-ақ ондықта «Манчестер Сити» (7.66%), «Реал» (7.09%), «Челси» (5.84%), «Барселона» (5.34%), «Интер» (4.02%), «Ливерпуль» (3.25%) және «Атлетико» (2.84%) бар.
Ал «Қайраттың» үздік 24 клубтың қатарына ілігу мүмкіндігі 0.10%-ды құрайды.
Турнир кестесінде ұпайдан шашау шығармаған «Арсенал» көш бастап тұр.