27.11.2025 17:18
«Барселона» ойыншысы қатардан шықты
27.11.2025 17:18
«Барселона» жартылай қорғаушысы Фермин Лопес жарақат алды

22 жастағы испан футболшысы оң аяғының бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты алдағы екі апта көлемінде алаңға шыға алмайды.
Бұл оның мансабындағы 4-жарақаты болды. Осыған дейін 73 күні емделуге кетіп, 23 матчтан тыс қалған.
Фермин осы маусымда 13 ойынға қатысып, жеті гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды.