27.11.2025 22:37

Чемпиондар лигасының үздіктері анықталды

27.11.2025 22:37

Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында үздік ойын көрсеткен футболшылардан құрама жасақталды

UEFA бақылаушылары символикалық құрамаға 11 түрлі клубтың ойыншыларын қосты:

Қақпашы: Флеккен («Байер»);

Қорғаушылар: Халили («Юнион»), Хименес («Атлетико»), Схаутен (ПСВ), Кукурелья («Челси»);

Жартылай қорғаушылар: Райс («Арсенал»), Витинья («ПСЖ»), де Кетеларе («Аталанта»), Роберт («Копенгаген»);

Шабуылшылар: Обамеянг («Марсель»), Мбаппе («Реал»).

Айта кетейік, турдың «үздік ойыншысы» марапатын «Олимпиакос» (4:3) қақпасына покер жасаған «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram