27.11.2025 23:19
Мбаппеде уақыт жоқ
27.11.2025 23:19
Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жылдам хет-трикті жасаған екінші ойыншы атанды

«Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі 5-тур матчында «Олимпиакосқа» қарсы ойында (3:4) покер жасап көзге түсті.
Француз футболшысы 22-минутта, 24-минутта, 29-минутта және 59-минутта гол соқты.
Осылайша, Мбаппе ЧЛ тарихында хет-трик жасауға ең аз уақыт жұмсаған ойыншылардың ішінде екінші орынға ие болды. Турнир тарихындағы ең жылдам 3 голды «Ливерпуль» ойыншысы Салах 2022 жылдың қазан айында «Рейнджерс» қақпасына соққан болатын (76, 80 және 81 минуттар). Ол кезде мерсисайдтықтар матчта 7:1 есебімен жеңген.