30.03.2026 15:05
Рой Ходжсон Англияның клубын тізгіндеді
30.03.2026 15:05
Рой Ходжсон Чемпионшип клубы «Бристоль Ситидің» бас бапкері атанды

Қос тарап маусым соңына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
78 жастағы ағылшын маманы бапкер ретіндегі жолын 1971 жылы бастаған еді. Осы аралықта ол Англия құрамасын және «Ливерпуль», «Интер», «Фулхэм», «Уотфорд», «Вест Бромвич», «Удинезе», «Копенгаген», «Блэкберн» секілді белгілі клубтарды жаттықтырған. Оның соңғы командасы «Кристал Пэлас» (2023-2024) болды.
Ал 39 турдан кейін 51 ұпай жинаған «Бристоль Сити» Чемпионшиптің турнир кестесінде 16-орында келеді.