30.03.2026 11:57

«Манчестер Юнайтед» Тоналимен келіссөз бастады

30.03.2026 11:57

«Ньюкасл» жартылай қорғаушысы Сандро Тонали «Манчестер Юнайтедке» ауысуы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, манкуниандықтар 25 жастағы италиялық ойыншының агентімен байланысқа шығып, келіссөз бастапты. «Қызыл сойқандар» оны жазғы трансфер кезеңінде қатарға қосуды көздейді. Одан бөлек Сандроны «Манчестер Сити» де жіті бақылап отыр.

Тонали осы маусымда 47 матчта үш гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram