30.03.2026 09:34
Германия ойыншысы Әлем чемпионатына бармауы мүмкін
30.03.2026 09:34
Германия құрамасы мен «Боруссия» жартылай қорғаушысы Феликс Нмеча ауыр жарақат алды

25 жастағы ойыншы тізе байламын үзіп алыпты. Бас бапкер Юлиан Нагельсманның айтуынша, оның бұл жарақаты ауыр және осыған байланысты Әлем чемпионатынан тыс қалуы мүмкін.
Нмеча осы маусымда Дортмунд клубының сапында 40 матчта бес гол соғып, үш нәтижелі пас берді.