30.03.2026 08:39
«Тоттенхэм» бас бапкері атануға басты үміткер белгілі болды
30.03.2026 08:39
«Тоттенхэм» кеше, 29 наурызда бас бапкері Игор Тудормен қош айтысқанын хабарлады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оның орнын басуға «Брайтон» мен «Марсельдің» бұрынғы тәлімгері Роберто де Дзерби басты үміткер болып тұр. Лондонның клубы онымен ұзақ мерзімге жарамды келісімшартқа отырғысы келеді. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.
Де Дзерби 11 ақпаннан бері жұмыссыз жүр. Ал 31 турдан кейін 30 ұпай жинаған «Тоттенхэм» Ағылшын Премьер-лигасында 17-орында келеді.