30.03.2026 08:20

Куртуа «Баварияға» қарсы ойнамайды

30.03.2026 08:20

«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа жарақат алған еді

ESPN хабарлауынша, 33 жастағы бельгиялық голкипердің жағдайы ойлағаннан да ауыр болып шықты. Осыған байланысты ол Чемпиондар лигасы 1/4 финалындағы «Баварияға» қарсы қос матчқа да қатыспауы мүмкін.

Бұған дейін Тибо 1/8 финалдағы «Манчестер Ситимен» (2:1) қарымта матчтың алдында бұлшық етін зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.

Куртуа осы маусымда 41 матчта 39 гол өткізіп, 15 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram