30.03.2026 09:17
«Ливерпуль» ойыншысы «Миланға» ауысуы мүмкін
30.03.2026 09:17
«Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон мансабын Италияда жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, 32 жастағы шотландиялық ойыншыға «Милан» қызығушылық танытуда. «Россонерри» басшылығы оны командадағы болашағы бұлыңғыр Первис Эступиньянның орнына қарастырып отыр және еркін агент ретінде алғысы келеді.
Эндрюдің Мерсисайд клубымен келісімшарты 30 маусымда аяқталады, ал оны ұзарту жөнінде келіссөз жүріп жатқан жоқ екен.
Робертсон «қызылдардың» намысын 2017 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 30 матчта екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді.