30.03.2026 10:01
Лаутаро Мартинес қатарға оралды
30.03.2026 10:01
«Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинестің жағдайы белгілі болды

La Gazzetta dello Sport хабарлауынша, ол жарақатынан құлан-таза айықты және алдағы Италия А Сериясының аясындағы «Ромаға» қарсы матчқа дайын.
Мартинес осыған дейін 18 ақпан күні Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі «Будё/Глимтке» (1:3) қарсы бірінші матчта сол аяғының балтыр бұлшық етін зақымдап алып, содан бері ойнамаған еді.
28 жастағы аргентиналық форвард осы маусымда 35 матчта 18 гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.